Назарбаевты мақтаған Хаменова сот залынан босатылды

Ол кіші баласы 14 жасқа келген уақыттан бастап жазасын өтейтін болады


15/11/2022
12:11 25378 0

Жемқорлық бабымен айыпталған Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменоваға сот үкімі шықты. 

 

Экс-шенеунік жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесіліп, сот залынан бостандыққа шықты. 

 

– Хаменова Бақытгүл Қайыржанқызын ҚР ҚК 366 бабының 2 және 3 тармақтары бойынша кінәлі деп танып, жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын, – делінген сот үкімінде. 

 

Сот Бақытгүл Хаменоваға жазасын өтеу мерзімін үш жылға кейінге шегерді. Ол кіші баласы 14 жасқа келген уақыттан бастап жазасын өтейтін болады. 

 

Бұған қоса сот президенттен Бақытгүл Хаменованы «Құрмет» орденінен айыруды сұрады. 

 

2021 жылы 10 желтоқсанда БАҚ-та Бақытгүл Хаменованың жемқорлық айыбымен ұсталғаны жөнінде ақпарат тараған. Кейіннен оның Абайдың ескерткішін салуға жарияланған 145 миллиондық тендерден 4,5 миллион теңге пара алғаны жөнінде айтылған. 

 

Бақытүл Хаменова экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевты шамадан тыс мақтап, өлең арнағанымен ел есінде қалған. Ол Астана атауын «Елбасы» деп атауды, Назарбаев статусын Конституцияға енгізуді ұсынған. 

Поделиться

Нет комментариев.

15/11/2022 12:11
25378 0

Уведомление